Наурызбай қажы Тағанұлы: Кінәлілер заң алдында жауап беруі керек
Сондықтан бізге елдің ынтымағы керек. Ал айрандай ұйыған тыныштықты бұзғандарды тәртіпке келтіретін заң мен жаза бәріне ортақ болуы тиіс. «Өйткені бірлік пен тәртіп – ел ішіндегі берекенің бастауы», – дейді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти:
- Ошақ қасындағы істің қоғамдық үлкен бір таласқа айналып кетуі бізге қатты батады. Кейде адамның жеке мақсаты, тәртіпсіздігі, көзқарасы түсінбегеннің нәтижесінде үлкен дауға айналып кетеді. Сондықтан Алла тағала қасиетті Құранда: «Бір нәрсенің түбіне, анығына жетпей куәлік етпеңдер», – дейді. Әрқашан біз бір жағдай болған кезде оның мағынасына, айғағына толық көз жеткізіп алуымыз керек.