Бердібек Сапарбаев: Мектептер мен балабақшалар қалыпты жұмысына кірісті
33 адам әлі де болса ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның 20-сы Алматы қаласына жеткізілген. Тағы өңір басшысы мектептер мен балабақшалар кеше өздерінің қалыпты жұмысына кіріскендігін айтты. Жалпы бұл оқиғаға қатысты 25 қылмыстық іс қозғалған.
Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:
- Қордайға Алматыдан арнайы 10 белгілі мықты дәрігерлерді шақырдық. Қазіргі таңда комиссия өртенген үйлерді, сауда дүкендерін тағы да қосымша жергілікті халықтың көмегімен тексеріп жатырмыз. Осы 1-2 күнде нақты санын одан кейін қандай көмек керек екенін айтамыз, ұсыныс жасаймыз. Осы 3 күнде 5 елді мекенде халықпен кездестік. Оларға қандай көмек, қолдау болатынын айттық.