Жамбыл облысында қақтығысқа қатысты 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды
Оның айтуынша, қылмыстық істердің алтауы бұзақылықпен, үшеуі бөтеннің мүлкін зақымдаумен, ал оны адам өлтірумен байланысты. Сондай-ақ ол қақтығысқа қатысқан бірнеше адамның қамауға алынғанын растады.
Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:
- Қазір ведомствоаралық тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қамауға алынғандар бар. Алайда олар туралы ақпарат жария етуге жатпайды. Ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар жасалды. Жүргізіліп жатқан сот-медициналық және сот криминалистикалық сараптамалар өте көп.