Қордайдағы қақтығыста жарақат алған 41 адам ауруханада жатыр
Қордайдағы бір науқас ертең санитарлық авиациямен Алматыға жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров айтты. Бес науқас реанимацияда жатыр. Елордадан білікті нейрохирург Серік Ақшолақов пен травматолог Мейрам Баубеков те көмекке келген. Ауруханаға түскендердің ең жасы 17-де болса, үлкені 77-де екен. Денсаулығы түзелгендер үйлеріне шығарылады.
Тілеухан Әбілдаев, қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Пациенттердің бәріне бүгінде емдеу және диагностика стандарттарына байланысты толыққанды тегін медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық жағдай тікелей денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қадағалауында.