Үкіметте жұқпалы дерттен сақтану шаралары қаралды
Ал елімізде осы дертке қарсы қандай шаралар атқарылуда?
Елімізде дене қызуы жоғары әрі жедел респираторлы вирустық инфекцияның белгілері бар 28 адам ауруханаларда емделіп жатыр. Бірақ ешқайсысы коронавирус жұқтырмаған. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Жалпы Қытайдан осы індет шыққалы Қазақстанда 140 адам ауруханаға жатқызылып, 113-і емделіп шыққан. Сондай-ақ Қытайдан келген 9 мың жолаушының жағдайын мамандар 2 апта бойы бақылауда ұстап отыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аурудан сақтану шаралары жайлы баяндады. Ал Премьер-Министр жауапты министрлікке санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.