Қазақстанда коронавирус белгілері тіркелген жоқ
Қытайдан елге тағы 217 қазақстандық қайтарылды, бірде-бірінде ауру белгілері жоқ. «Бейжіңнен арнайы ұшақпен елордаға жеткен азаматтар қазір дәрігерлер бақылауында», – деп мәлімдеді елдің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. Оның мәлімдеуінше, Қазақстан жаңа вирусқа диагностика жасауға дайын. Алматы мен елордада 3 зертхана коронавирусты анықтай алады. Арнайы әзірленген жүйемен диагностика нәтижесін білуге 1 апта уақыт керек.
Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:
- Біз басқа елдермен келісіп, Қытайдан 5000, Ресей Федерациясынан 2000 диагностикум алдық. Сондықтан бізде қазіргі таңда диагностика қоры бар.