Bek Air ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді
Ұшақ соғылған үйдің иесі Решет Қалибекке «заңсыз жер алып, үй салды» деп айып таққан. Сот 21 ақпанға белгіленген. Қазір мәселенің мән-жайын анықтау үшін Талғар ауданы әкімдігінің арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін вице-премьер Роман Скляр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары Талғар аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғалары заңсыз жер берумен айналысып келгендігін айтқан еді.
Решет Қалибек, Алматы облысының тұрғыны:
- Мен ол жерді 2014 жылы Өмірғазиева Гүлнәр есімді азаматшадан сатып алдым. Ортада делдал болды. Ол жердің барлық құжаты заңды болды. ХҚКО-да ресми түрде маған тіркелді.
Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Барлық бұзушылық анықталып, дәлелденсе, кінәлілер заң бойынша жазаланады. Қазір тергеу амаларды жүріп жатыр. Аяқталғаннан кейін тиісті шешім шығарылады.