Нұра өзенін ластағандар жауапқа тартылады
Оны жергілікті тұрғынның бірі байқап қалып, әлеуметтік желіге жүктепті.
Осыдан соң экологтар оқиға орнына шұғыл жетіп, өзеннен сынама алады. Енді мамандар алдағы 5 күн ішінде Нұраның қаншалықты деңгейде ластанғанын анықтамақ. Ал қазір апат қалпына келтіріліп, өзенге кетіп жатқан өндіріс қалдығы тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, электр станциясынан шығатын күлді жел көтермес үшін сумен араластырып, полигонға жібереді. Болжам бойынша, қатты аяздың салдарынан сол сұйықтық ағатын бетон қабырғасы шытынап, лас су өзенге кеткен.
Әлібек Бекмұхаметов, Қарағанды облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
- Лабораторияның мамандары судың құрамасын алды. Қазір зерттеу жасалып жатыр. Бүгінде апаттың өзі ликвидация жасалды, су қалдығы тоқтап тұр. Судың сараптамасы дайын болған соң «Базис групп» мекемесіне шара қолданамыз.