Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлердің фронт-кеңсесі ашылды
Шынар Асанқызы, тілші:
- Біз тұрған осы павильон «Волонтерлердің фронт-кеңсесі» деп аталады. Яғни аты да айтып тұрғандай, бұл волонтерлердің кеңес беретін, ақпараттық, ағартушылық орталығы саналады. Өздерінің айтуынша, бұл кеңседегі жұмыс 4 бағыт бойынша жүргізілмек. Біріншіден, республиканың түкпір-түкпіріндегі ауыл-аймақтардағы волонтерлердің бүкіл жобасына, бастамасына дәл осы жерде мониторинг жүргізілетін болады. Сосын анықтама орталығы осында орналасады, волонтер болғысы келетіндер немесе олардың көмегіне мұқтаждар тегін телефон соғуына болады. Сонымен қатар волонтерлерге арналған оқу семинарлары және түрлі имидждік жобалар осында жүзеге асырылады. Және елордадағы фронт-кеңседен басқа 17 аймақта қолдау орталығы, 85 өңірде координаторлар жұмысқа кіріспекші. Жалпы арнайы жүргізілген сауалнама қазақстандықтардың 48% волонтер болуға дайын екенін көрсетіпті, яғни Волонтерлер жылына еліміздің барлық аймағы белсенділік танытуда. Олар әр аймақтан тікелей байланысқа шығып Президентпен тілдесті.