Волонтерлердің фронт-кеңсесі түрлі жобалар әзірлеуде
Жоба аясында түрлі деңгейде жүзеге асыратын 7 жалпыхалықтық жоба жасалған.
Олардың орындалуын аймақтағы арнайы мамандармен қатар үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер мен блогерлер де қадағалауға атсалысады. Келесі қадам – бірыңғай call-орталық құру. Онда республика бойынша ортақ телефон нөмірі жұмыс істейтін болады. Тұрғындар өз сұрақтары бойынша сонда хабарласып ақпарат ала алады. Оқыту блогы – фронт-кеңсе қызметінің үшінші бағыты. Онда оқу бағдарламасы жасалып, аймақтарға тренерлер даярланады. Одан бөлек тұрғындарға өз еркімен тегін ағылшын тілін үйретіп жүргендер де бар екен.
Мысалы, волонтерлердің көмегімен қазірдің өзінде түрлі оқу курстары өткізіліп жүр. Алматыдағы Мәжит Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасындағы үйірме – солардың бірі. Онда 3 маман аптасына 3 рет ағылшын тілінен сабақ береді.
Әсет Даниялов, волонтер:
- Волонтерліктің көкжиегі кең ғой. Қарттарға көмектесуден бастап өзіңнің біліміңмен немесе тәжірибеңмен де бөлісуге болады. Менің мамандығым – инженер. Ағылшын тілін жетік білемін. Мұғалім болып қызмет етіп көрген емеспін. Бірақ қызық екен.
qazvolunteer.kz сайты мен оған аккаунтын құру елордадағы фронт-кеңсе еншісіндегі шаруа болады. Волонтерлердің үздік тәжрибелерін көпке таныту, атқарған қызметтері мен істеген игі істерін қалың бұқараға таныстыру, яғни әлеуметтік желі мен БАҚ-та насихаттау да үлкен маңызға ие. Аймақтың үйлестірушілермен тығыз байланыс жасай отырып осы аталғандардың бәрі орталықтандырылған тәртіппен іске асырылмақ.