Шымкенттік волонтерлер ардагерлердің естелігінен кітап шығармақ
Мысалы, шымкенттік волонтерлер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелігінен кітап шығармақ. Еріктілер майдангерлермен кездесіп, айтқан сөздерін жазып алуда. Кейіпкердің әңгімесі шынайы болуы үшін оның әр қуанған не мұңайған сәттері бейнетаспаға түсіріледі. «Осылайша Ұлы Отан соғысының тарихы біртіндеп жазылады», – дейді жастар. Жоба мақсаты – ардагерлердің өнегелі өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету. Қазір Шымкентте 43 ардагер қалды.
Данара Саранова, волонтер:
- Біз қазір ҰОС ардагерлерінің тарихын жинап жатырмыз. Олардың өмірбаяны, ойы, бастан өткерген оқиғалары толықтай жазылады. Осы ақпараттар негізінде біз кітап шығарып жатырмыз.