«Қорғас» ШЫХО ақпан айының аяғына дейін жабық болады
Бұл мерзім тағы жарты айға ұзартылды. «Қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кейін өткізу залы мен оқшаулағыштың мүмкіндігі барынша кеңейетін болады», – дейді Алматы облыстық әкімдігінің өкілдері.
Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:
- Шекара өткелінің ішіндегі мәселелер қайтадан қаралып, тұрғындар тарапынан келіп жатқан арыз-өтініштер ескеріле отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделуде. Сонымен қатар ол жерде изолятордың жұмысы облыстық комиссиямен қаралған болатын. Бастапқыда орналасқан жері біздің көңілден шықпай, оны басқа жерге ауыстырдық. Сонымен қатар төсек орын көлемін ұлғайттық. О баста бір-ақ орынға арналған еді. Қазір 4-6 адамға арналған.