Қарағандыда қар тазалап жүрген ауыр техникалар ағаштарды жаппай қиратып жатыр
Осылай деп дабыл қаққан экологтар мәселеге жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының араласуын сұрайды. Әзірге бұл үшін бірде-бір мекеме жауапқа тартылмаған. Себебі жасыл желекті заңсыз кескендерге айыппұл салынғанмен, ағашты зақымдағандарға ешқандай жаза қарастырылмаған екен. «Алайда қабығы қырқылған өсімдік ауруға шалдығып, солып қалуы әбден мүмкін», – дейді табиғат жанашырлары.
Дмитрий Калмыков, Қарағанды экомузейінің директоры:
- Біздің есебіміз бойынша биыл зақымданған ағаштар өте көп. Менің ойымша, коммуналдық қызмет басшылары техника тізгінінде отыратын жұмыскерлерге әрдайым нұсқау жүргізіп отыруы керек. Сондай-ақ үлкен техника емес, көшелерді шағын тракторлармен тазалаған дұрыс. Сонда ағаш та қирамайды, жол жиегіндегі плиталар да сынбайды. Ең бастысы заң тұрғысынан талап болу қажет.