Қостанайда 2015 жылы жаппай қырылған киіктер саны 3 есе артты
2015 жылы қынадай қырылу оқиғасынан кейін бетпақдалалық популяциясындағы киіктер басы 40 мыңнан аспаған. Енді бұл көрсеткіш 3 есе артып, 111 мыңға жеткен. Жылдық өсім 50% деңгейде қалып отыр. Дегенмен мамандар дала еркелерінің ұлғаюының басты себебін оларды атуға тыйым салынумен түсіндіреді. Ақбөкендерді аулауға 2023 жылға дейін заң жүзінде шектеу қойылды.
Рустам Бидібаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы:
- Патрульдер саны жылдан-жылға артып келеді. Прокуратура және табиғатты қорғау полициясымен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырамыз. Охотзоопром мамандары қатарынан оңтүстік өңірлерде әрдайым екі топ кезекшілік жасайды.