Павлодарлық іздеушілер соғыста хабарсыз кеткен 500-ден астам сарбаз туралы ақпарат жинаған
Іздеушілер жалпыға қолжетімді базалардан бөлек мұрағаттағы құжаттарды өңдеуге көшкен. Нәтижесінде талай азамат туралы ақпарат табылып, туыстарына жөнелтілген. Мәселен, павлодарлық іздеушілер Ленинград облысының Киров ауданында ерлікпен қаза болған Мәукен Нығметовтің жатқан жерін тапты. Майдангер қазіргі Айнакөл ауылынан әскерге шақырылған. Жасақ белсенділері: «Бұл іске волонтерлер де атсалысса екен», – дейді.
Александр Шитов, «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі:
- Мұрағаттық іздеу оңай емес. Құжаттарда жауынгердің аты-жөні дұрыс жазылмауы мүмкін. Сол себепті оның туысқандары, балалары туралы қосымша ақпарат сұралады. Кез келген ақпарат аса маңызды. Бүгінде іздеу әдістемесін шыңдау үстіндеміз. Мұрағатшыларды жұмылдырып, жастарға іздеудің қыр-сырын үйретпекпіз.