Жаңа мектепті уақытылы тапсырмаған мердігердің ісі сотқа жіберілді
Келісім бойынша әлеуметтік нысан өткен жылдың 1 қарашасында халық игілігіне берілуі тиіс еді. Алайда жұмыстар әлі күнге дейін толық аяқталмай отыр. Жалпы аталған мектептің құрылысына ел қазынасынан 1,8 млрд теңге қаржы жұмсалды.
Владислав Лукин, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
- «Севимсталькон» серістестігі былтыр бірнеше ауданда мектептерді күрделі жөндеуге алып, уақытылы аяқтамады. Тапсырысы тым көп болған. Үлгермей жатқан соң біз келісімді желтоқсан айына дейін создық. Бірақ одан нәтиже шықпады. Қазір бұл мердігер компания мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы атанды. Сотқа арыз жаздық. Мұнымен қоса 16 млн теңге көлемінде айыппұл салуды талап етіп отырмыз.