Хабар телеарнасы

Әрқашан сенімен бірге: «Хабар» жаңа мобильді қосымша жасап шығарды

Әрқашан сенімен бірге: «Хабар» жаңа мобильді қосымша жасап шығарды

Енді өткен жолы аяқтай алмай қалған видеоны дәл сол жерінен жалғастыруға мүмкіндік бар. Сүйікті сериалдарыңыз бен бағдарламаларыңыздың тізімін жасаңыз. Өзіңізге ұнайтын фильм немесе шоуды өткізіп алмас үшін небәрі хабарламаны қоссаңыз болғаны. Одан бөлек үш телеарнаның тікелей эфирі де қолжетімді. Видеомұрағатта 500-ден астам бағдарлама, аптаға арналған бағдарламалар кестесі бар. Мобильді қосымшаны дәл қазір Google Play және App Store дүкендерінен жүктеп алыңыз. Енді «Хабар» әрқашан сізбен бірге!