Бұл көне кітапты 1990 жылы қарағандылық Шәрбат Кемелбаева тапсырған. Өзінің айтуынша, 1955 жылға дейін бұл жинақ әкесі Төлеу ақсақалдың қолында болыпты. Мамандар бұл кітап мұражайдағы 5 мыңнан астам жәдігердің арасындағы ең құндысы екенін айтады. Қазір мұнда ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы бұрыш ашылып, онда «Абай жолы» эпопеясының 18 тілдегі нұсқасы қойылды.
Гүлжан Ахметова, жәдігерлер қорғаушысы:
- Шәрбат Кемелбаеваға көне жәдігер әкесінен қалған. Ал ол кісі – бұрынғы Семей облысындағы Абай ауданының атақты ақыны Төлеу Көбдіков. Ақсақал асыл қазынаны 1955 жылы қызына аманаттапты. Кейін музейге өтеді. Біз кітапты жыртылып қалмас үшін күн сәулесі түспейтін арнайы бөлмеде сақтаймыз.