5,9 млн жолданған өтімнің 2,15 млн-ына немесе 37%-ына түрлі себептерге байланысты төлем жасалған жоқ.
«42 500 теңге» әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі ТЖ тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген заңнамаға сәйкес қайта тексерілетінін мәлімдейміз.
Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады:
Алушының атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ
Халық банк пен Kaspi Bank-те шоттары бар азаматтар «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің мобильді қосымшасы арқылы қайтара алады.