Алматыда 30 маусымға дейін мерекелік іс-шаралар өткізілмейді

Мұның барлығы қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және қалада коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында жасалып жатыр.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әлеуметтік-өндірістік саласы мен экономикасы COVID-19-дың таралу жағдайына байланысты біртіндеп қалпына келтірілетінін хабарлады.