Әділет департаменті мамандары тұрғындардан түскен 5 мыңнан астам арыз-шағымға талдау жүргізіп, осындай шешім шығарған. Олардың алимент өндіруге қатысты сот талабын уақытында орындамағаны анықталды. Сондай-ақ нақты шаралар қолданбау, істі аяқсыз қалдыру дерегі көптеп тіркелген. Мұндай жағдай қайталанса, жеке сот орындаушылары лицензиясынан айыруы ықтимал.
Айнұр Исабекова, қалалық Әділет департаментінің басшысы:
-Бұл ретте Әділет департаменті сол заңбұзушылықтарды қалпына келтіру. Яғни оларды жою. Егерде орындалмаған іс-шаралар болса, оларды әлде де қабылдау бойынша ұсыныстар енгізеді. Тек қана тәртіптік шаралармен шектелмейміз. Керісінше іс бойынша толықтығын қамтамасыз ету мәселесіне де назар аударамыз.