Дубай мен Дохадағы қазақстандықтар елге жеткізіле бастады

  • 26
  • 25.06.2025, 18:37

Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатардағы қазақстандықтар елге жеткізіле бастады.

Көлік министрілігінің хабарлауынша, Дубай мен Дохадан 6 рейс орындалды. Дубайдан Алматы мен Астанаға, Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстері қайта жанданды.

Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген сапарлардың жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылып жатыр. Дегенмен әлі де Таяу Шығысқа алты мемлекеттің әуе кеңістігін айналып ұшуға тура келеді.