Алаяқтардан қалай қорғану керек? Жеке деректерді жариялаудың арты неге ұласады? Осы және өзге де өзекті сауалдар «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форумда айтылды.
Жиынға 2 мыңан астам адам қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар, блогерлер мен қоғам қайраткерлері цифрлық қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлерді талқыға салды.
Амангелді Боданов, Астана қаласының №34 орта мектеп директоры:
- Түрлі қылмыстық деңгейлер өте ушыққан. Оның ішінде алаяқтардың құрбаны болып жатқан көптеген қоғам өкілдері бар. Мұндағы ең басты мәселе – қоғамның қаржылық сауатсыздығы. Осы мәселеге қатысты білімді кеңейтсек, тек сол кезде ғана үлкен қауіп-қатердің алдын ала аламыз.