Қазақстанда алғашқы IT-көшпенді тіркелді

  • 23
  • 26.06.2025, 18:37

Елімізде алғашқы IT-көшпенді тіркелді. Ол Алжирден келген IT-маман Абдельмаджид Белмекки. Маман қашықтан жұмыс істеу үшін Қазақстанды Өзбекстан, Сингапур және Малайзия сияқты елдердің арасынан таңдаған. Ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Digital Nomad Visa бағдарламасы бойынша алғашқы қатысушы. Ол бағдарламаның ресми сайтындағы ақпаратты кеңейтуді, атап айтқанда салық салу, заңнама, бизнесті тіркеу және цифрлық көшпенділерге арналған жеңілдіктер туралы толық мәліметтерді қосу жөнінде ұсыныс білдірді. Digital Nomad Visa және Digital Nomad Residency бағдарламалары 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске қосылды. Игі бастама жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы жетекші шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.

Ұлжан Көкібасова, Astana Hub Қатысушыларды қолдау кеңсесінің аға менеджері:

-Проектный менеджер мамандығы бойынша оның кәсіби тәжірибесін тексердік. ІТ саласында мол тәжірибесі бар маман. Ол интернет және мультимедиа және киберқауіпсіздік, IT консалтинг бағыты бойынша жұмыс істейді. Оның жұмысы қашықтықтан жұмыс істеу болып саналады.