ШҚО-да жылу желілерін жөндеуге ₸2,5 млрд бөлінді

  • 38
  • 30.06.2025, 18:34

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, қаражат Риддер қаласы мен Қайсенов кентіндегі құбырларды жөндеуге жұмсалады. Аймақтағы жылу желілеріне кейінгі 30 жылда күрделі реконструкция жүргізілмеген.