Президенттің тапсырмасына сәйкес Павлодар мен Екібастұз қалаларында жылу желілерін жөндеу үшін Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражаттың негізгі бөлігі Екібастұзға тиесілі. Ол шаһарда 2 жоба жүзеге асырылады. Ал облыс орталығында жаңа жылу магистралі салынып жатыр. Үкімет резервінен бөлек, бұл жобаларға облыстық бюджеттен 2 млрд теңге жұмсалды. Былтыр жүргізілген жұмыстың нәтижесінде желілердің тозу көрсеткіші 79% дейін төмендеді.