Абай облысы Жарма ауданының тұрғындары денсаулық сақтау сапасына шағымданды

  • 26
  • 07.07.2025, 18:43

Абай облысы Жарма ауданының тұрғындары денсаулық сақтау сапасына шағымданды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ауданның бірнеше елді мекенінде дәрігерлер жетіспейді. Ал сапалы жолдың жоқтығынан жедел жәрдем көлігі Кіші Қарасу және Қоңырбиік ауылдарына жете алмайтын көрінеді. Бригаданы облыс орталығы арқылы шақыруға тура келеді. Ауданда медициналық пункттер де жетіспейді. Бұл мәселелерді тұрғындар Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновпен кездесуде айтты. Ол аталған мәселелерді назарға алып, аудан тұрғындарына көмектесуге уәде берді.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрине бұл мәселені біз шешуге ат салысамыз, өйткені қазіргі кезде  заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Министрлікке тиісінше құзіреттер берілді, жалпы қаражат бөлінеді, осы мәселені енді қолға алып шешу керек.