«Сарбаз+»: Қазақстанда әскери қызмет жаңа форматта іске қосылады

  • 36
  • 28.07.2025, 18:36

Қазақстанда «Сарбаз+» деп аталатын жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің пилоттық жобасын іске асыру көзделіп отыр. Оның аясында Отан қорғаушыны дайындау ісінің сапасын арттыру және салаға заманауи тың технологияларды енгізілу қолға алынбақ. Атап айтқанда, әскери қызметші дрондарды ұшыру, оны пайланудың заңдық талаптары оқытылатын болады. Бұл үшін ірі байланыс операторларымен меморандум жасалған. Сондай-ақ бірнеше тіл курстары мен шахмат үйірмесі жүреді. Ал сарбаздардың денсаулығы электронды білезік арқылы тексерілмек.

Әскерде әлімжеттік, қылмыстың алдын алу үшін бейнебақылау жүйесі жұмыс істейтін болады. Пилоттық жоба алдағы күзде Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде бастау алады. Әскерилердің айтуынша, бұл жастардың армиядан қашқақтау себебіне жауап іздеуден туған шешім.

Бекжан Мырзағалиев, ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы:

- Енді ол әскери қызметте болғандықтан өзінің дене дайындығын жақсарту, жаңа қару-жарақты қолдану – олар жобадан шықпайды, әрі қарай дамытамыз. Жаңа бағдарламалар ашып жатырмыз, жаңа әдістерді қарастырып жатырмыз. Жалпы ескі әдістерді жаңа трансформациялап жатырмыз. Психологиялық сабақтар, қазақ тілі, ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі.