Қазақстан тарихындағы алғашқы АЭС құрылысы басталды

  • 17
  • 08.08.2025, 18:35

Ең алдымен бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Балқаш көлінің жағысынан алынған топырақ сынамасы капсулаға салынып, зерттеу мақсатында ресейлік тарапқа табысталды. Бұл зерттеулер аумақтың сейсмикалық тұрақтылығын, гидрогеологиялық ерекшеліктерін және басқа да көрсеткіштерді бағалауға мүмкіндік береді. Алынған деректердің негізінде АЭС-тің энергоблоктарының дәл орналасатын жерлері анықталады. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 14-15 миллиард долларға жуық. Сонымен қатар қосымша 1 миллиард доллар әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымның құрылысына бөлінеді.

Әсет Махамбетов, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары:

-Осы ауданда 3 инженерлік іздестіруді бірдей бастаймыз. Шамамен инженерлік ізденіс жұмыстары 18 айдай уақытты алады. Росатом ұсынып жатқан реактор 1200 МВт электр қуатын беретін ВВЭР 1200 реактор болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенетін болсақ, ізденіс жұмыстары басталғаннан АЭС-ті іске қосқанға дейін шамамен 10-12 жылдай уақыт алады.