Бұрыннан бар тамақтар сарапшылардың пікірінен соң балалардың ағзасына пайдалы тағамдармен толықтырылды. Жаңа мәзір санитарлық талаптарға сай жасалып, диетолог мамандардың кеңесі негізге алынған. Айтуларынша, жаңа мәзір бұрынғыдан әлдеқайда құнарлы. Қант пен тұз мөлшері шектеліп, есесіне дәруменге бай тағамдар енгізілген. Әр мектепте құрылған комиссия өкілдері оқушылардың қалай тамақтанатынын жіті қадағалап отыр. Бұл бастама балалардың ерте жастан дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бақжанар Мұхамадиева, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі:
- Бұл мектеп мәзірін алғаш рет сарапшылардың қатысуымен бекіттік. Бұған дейін оны тек білім басқармасы қарастыратын. Қазан айында қысқы мәзірді қайта бекіту жоспарда бар. Сол кезде осы мониторинг барысында анықталған мәселелер ескеріліп, жаңа ұсыныстар енгізіледі.