Ел тұрғындары қытымыр қыстан қысылмай шығу үшін өзге өңірлерде де дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 6 энергоблок, 30 шақты қазандық және 20-ға жуық турбина жөндеуден өтіп, маусым басталғанша тағы 30-дан аса қазандық жаңартылмақ. Бұған қазына қаржысынан 400 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қара отын тапшылығын туғызбау мәселесі де басты назарда. Министрлік сөзіне сенсек, алдағы жылыту маусымына 8 млн тоннаға жуық көмір қажет.
Ержан Ертаев, ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы:
- Алдағы жылыту маусымына жалпы 7,7 млн тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда оның 4,4 млн тоннасы жинақталған. Көмірді жеткізу кестеге сәйкес жүргізіледі. Жалпы айтқанда, жылу беруші станциялар және қазандықтар, жылу желілері жылыту маусымына республика бойынша дайын.