«Достық–Мойынты» – маңызды жоба

  • 10
  • 30.09.2025, 21:28

«Достық–Мойынты» теміржол желісінің кеңеюі Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі жандандыруға септігін тигізеді»,– дейді мамандар. Бұл үшін қазірдің өзінде бірқатар шара қолға алынған. Әсіресе цифрландыру ісін жүргізу үшін шетелдердің тәжірибесі қолданылмақ. 

Айбек Қапар, «KTZ EXPRESS» АҚ Логистика жөніндегі бас директорының орынбасары:
-Негізі Қазақстан - Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан ел. Қазіргі уақытта Қытайдан Еуропаға баратын жүктердің 85% біздің Қазақстан арқылы өтуде. Біз бұл бағытта жұмыс жалғастырып жатырмыз және оны арттыру бойынша да басқа ел өкілдерімен талқылануда.