Қарағанды облысында Республика күні кең көлемде аталып өтеді

  • 9
  • 24.10.2025, 19:36

«Республика күні – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттігін дәріптейтін маңызды мереке», - дейді өңір тұрғындары. Бұл күн еліміздің егемендік жолындағы қадамдарын еске салып, халқымыздың болашағына үлкен сенім мен үміт береді

- Бұл мерекенің басқа мерекелерден айырмашылығы – өзіңнің қамқоршың, өзіңнің панаң, өзіңнің елің, жерің, сенің мемлекетің бар екенін сезіндіретін ұлық мейрам.

- Жалпы Республика күні деген Қазақстан халқы үшін өте маңызды, тарихи сәт. Бұл біздің бірлігімізді, елге деген сүйіспеншілігімізді, елге деген махаббатымызды және тәуелсіз ел, ашық аспанның астында өмір сүріп жатырмыз деген мағынаны білдіреді деп ойлаймын.

- Республика күні дегеніміз – бұл халықтың бірлігі мен елімізге деген сенімнің символы деп есептеймін. Болашақ жастардың қолында демекші, жақсы білім алып, жаңа технологияларды меңгеріп, осы еліміздің дамуына үлкен үлес қоссақ екен деймін.