Мемлекет басшысының ауылда әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде барлығы 18 жоба іске асырылып жатыр. Жаңа денсаулық сақтау нысандары инженерлік инфрақұрылыммен және заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Бұл шалғайдағы елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғынын медициналық көмекпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.