Бұл туралы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақтарда көмірге негізсіз сұраныстың болмауы үшін қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жылыту маусымында тұрғындар мен коммуналдық сектор қолданатын көмір көлемі 7,4 млн тонна. Қазіргі таңда дайындалған көмір жоспардың шамамен 86%-ын қамтиды. Сонымен қатар тиісті министрлік апта сайын энергетикалық кәсіпорындарға барып, жылыту маусымының қалай өтіп жатқанын жеке бақылауда ұстап отыр.
Илья Рожков, ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
- Туындаған техникалық ақаулар уақытылы жойылып отыр. Биыл электр стансаларын жөндеуге 396,1 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Ағымдағы жылы стансаларда 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбина жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар аяқталуға жақын. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр желісі мен 420 қосалқы станса жөнделді. Барлық жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.