Елімізде геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

  • 10
  • 14.01.2026, 21:34

Ел Үкіметі  жер қойнауын геологиялық зерттеудің жаңа кезеңін бастайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жылда ел аумағында 1:50 000 масштабта егжей-тегжейлі геологиялық барлау жүргізілетін болды. Бұл мақсатқа 240 млрд теңге бөлінбек.

Жоба аясында аэрогеофизикалық, геохимиялық, сейсмикалық зерттеулер және дала жұмыстары жүзеге асырылады. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек кездесетін элементтер мен мұнай-газ қоры бар жаңа учаскелер анықталады. Бастама геологиялық және инвестициялық тәуекелдерді азайтып, жеке инвестиция тартуға және елдің минералдық-шикізат базасын кеңейтуге мүмкіндік бермек. 

Дамир Күбенов, ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының орынбасары:

- Жұмыстардың нәтижесінде анықталған  пайдалы  қазбалары бар перспективті учаскелер қолданыстағы заңнамаға сәйкес аукциондарға шығарылатын болады. Сол аукционның нәтижесінде бюджетке қосымша түсім түсіріледі және қосымша инвестициялар тартылады.