Алматыда «Халық бухгалтері» акциясы жүріп жатыр

  • 7
  • 14.01.2026, 21:39

«Халық бухгалтері» жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес береді. 5-ші қаңтардан бастап еліміз бойынша осындай акция өтіп жатыр. Шараның ұйымдастырушысы – Қаржы министрлігі. Бұл науқан кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексін түсіндіруге бағытталған. Қазақстан бухгалтерлері мен аудиторлары қауымдастығы да акцияға қолдау білдірді. Шара аясында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар салықты дұрыс есептеу, декларацияны сауатты толтыру сияқты мәселелер бойынша жан-жақты кеңес алады. Ал мамандар тегін көмек береді.

Алматыда «Халық бухгалтері» акциясы барлық аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында өтіп жатыр. Оның әрбірі күн сайын 100 адамға дейін қызмет көрсетеді. Науқан 30-шы маусымға дейін жалғасады.

Эльмира Берденова, Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізге негізінен «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» жаңа режимге көшу үшін хабарласады. Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатуға қатысты сұрақтар көп қойылады. Біз оларға қалай жұмыс істеу керек, қандай қосымшаны жүктеп алған жөн және түбіртекті қалай басып шығару қажеттігі туралы кеңес береміз. Ал егде жастағы адамдарға ақпараттық жүйені пайдалану бойынша нақты көмек көрсетеміз.