Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілеріне арналған демалыс орындары салынып жатыр. Алғашқысы Көктөбе ықшамауданында ашылады. Бұл жерде нөмірі 99 және 95-ші маршруттың соңғы аялдамасы орналасқан. Шағын әрі модульді нысанның ішінде ас үй, демалатын бөлме және әжетхана бар. Алматы бойынша осындай 20 демалыс бөлмесі қойылмақ. Олардың барлығы қаладағы маршруттардың соңғы аялдамасына орнатылады.
Айта кетейік, қаладағы 26 тасымалдаушының еншісінде 3 мыңнан аса автобус бар. Жобаның мақсаты – жүргізушілерге жағдай жасау, сондай-ақ соңғы аялдамадағы кептелісті азайту.
Азамат Ешанқұл, қалалық жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары:
- Сонымен қатар Саялы ауданында да бір айналма алаң салынып бітті. Қалған 18 алаң биыл салынатын болады. Ол үшін асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қажет болған жағдайда жекеменшік үйлер мен жер телімдері сатып алынады. Осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылатын болады