Мәулен Әшімбаев Алматыда жаңа Конституция жобасын талқылады

  • 346
  • 13.02.2026, 21:34

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыға іс-сапармен барды. Ол қалалық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестік мүшелері және белсенді жастармен кездесті. Іс-шаралар барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асырудың құқықтық негіз қалайтынына назар аударды. Құжатта елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға және халықтың бірлігін нығайтуға берік кепіл болатын басымдықтар қамтылған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде кешенді жобалар жүзеге асырылып келеді. Қазір жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа – сол іргелі өзгерістердің заңды әрі дәйекті жалғасы. Соның аясында Мемлекет басшысының Жарлығымен республикалық референдумға шығарылды. Осылайша  Қазақстан халқы 15 наурызда өз таңдауын жасайды. Бұл демократияны нығайта түсетін тетік екені анық. Жалпы Конституциялық реформаның басты мақсаты – мемлекеттілікті нығайту, Тәуелсіздікті күшейтуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.