Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеп, электр энергиясын өндіретін ірі зауыт салынады. Жоба Алматы қаласында жүзеге асады. Құрылыс жұмыстары таяуда басталмақ.
Бұл жайында Премьер-министр Олжас Бектенов пен қытайлық Hunan Junxin Environmental Protection компаниясының басшысы Дай Даогомен кездесуі барысында айтылды. Жобаның жалпы құны - 145,5 млрд теңге. Зауыт тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қоқыс өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіре алады. Нысанды екі жыл ішінде іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде жыл сайын атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газы шамамен 200 мың тоннаға азаяды. Қоқыс полигондарына түсетін жүктеме де төмендейді. Құрылыс кезінде 700-ге жуық уақытша жұмыс орны ашылады. Зауыт толық іске қосылған кезде 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
- Мемлекет тарапынан, Үкімет тарапынан бүкіл дайындық іс-шаралы тындырылды. Кездесу өтті. Ешқандай кедергі жоқ.
Дай Даого, Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:
- Зауыт құрылысының аяқталуы Алматыдағы қолданыстағы қоқыс полигондары мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бүкіл қаладағы экологиялық жағдайды едәуір жақсартады. Біз іргетас қалау рәсімі мен құрылыс жұмыстарының басталуын 29 мамырға жоспарлап отырмыз.