Павлодар облысында бокситтерді терең өңдеу арқылы алюминиге айналдыратын өнеркәсіп паркі салынады.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенотың сингапурлық XINFA GROUP компаниясының басшылығымен кездесуінде айтылды. Қазіргі уақытта жер учаскесі бөлініп, инвестициялық келісімшарт жасалған. ҚР Премьер-министрі мемлекеттік органдарға ірі жобаны жүзеге асыруға барынша жәрдем көрсетуді тапсырды.
Инвестициялық жоба құны $15 млрд. Бұл бастама өңірдің және тұтас елдің дамуына мультипликативтік әсер етпек. Жобаны жүзеге асыру 10 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өндірістік нысандардың құрылысы биыл басталады. 2028 жылы аяқталады деп жоспарланған.