Қазақстандықтарға көлік үшін мемлекеттік нөмір мен жүргізуші куәлігін алу жеңілдейді. Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.
Көлік иелері жүргізуші куәлігін, техникалық паспортты немесе автокөліктің мемлекеттік нөмірін үйге жеткізуге тапсырыс бере алады. Ол үшін халыққа қызмет көрсету мобильді қосымшасына кіріп «дайын құжаттарды жеткізу» қызметін таңдау қажет. Сол жерде мекенжайды көрсете отырып, құжатыңызды қабылдауға ыңғайлы уақытты жазасыз. Әрине, ол үшін ақы төлеу қажет. Өтінім рәсімделгеннен кейін қосымшада курьердің қай жерде келе жатқанын көре аласыз.