Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарға мемлекеттік бақылауды күшейтті. Енді пластикалық операция жасайтын клиникаларды тексереді.
Министрліктің дерегінше саладағы қызмет сапасына шағымдар көбейген. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті пластикалық операциялардың соңы адам өліміне әкелген жағдайлар бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Мұндай оқиғалардың көбі Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.
Жалпы комитет 2021 жылдан бері 92 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, кейбір ұйымдарда лицензиялық талаптар мен медициналық стандарттар бұзылғанын анықтаған. Сондай-ақ тиісті рұқсат қағазынсыз жұмыс істеген мекелемер анықталды. Жалпы пластикалық операциялар жасайтын ұйымдарға 4,8 млн теңге айыппұл салынған.