Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының тізімін тіркеді. Саяси ұйым 186 кандидат ұсынған. Оның 72-сі – әйел, 114-і – ер адам. Кандидаттардың орташа жасы – 45. Партиялық тізімге құқық, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және мәдениет салаларының өкілдері енген.
Мұхтар Ерман, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:
- Белгіленген квота орындалды. ОСК уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, кандидаттардың Конституция мен «Сайлау туралы» заң талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырды. Сонымен қатар «Әділет» партиялық тізімге енгізілген барлық кандидаттар үшін сайлау жарнасын төлегенін айта кеткім келеді.