Оралда «Заң мен тәртіп» спорттық-құқықтық форумы өтті

  • 8
  • 07.08.2026, 19:35

Жаңа Конституцияда құқықтық тәртіпті нығайту жолдары айқындалған. Соның бірі - «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру.

Оралда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында спорттық-құқықтық форум өтті. Оған мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау саласының өкілдері, барлығы 500-дей адам қатысты. Жиналғандар құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы баяндалды. Ұлы Абайдың шығармалары оқылып, жалпы сергіту жаттығулары өткізілді.

Айман Хайруллина, БҚО әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:

- Әрбір азамат «Заң мен тәртіп» тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, өзіміздің міндет деп түсінсе, яғни бұның ішінде көшеде қоқысты шашпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау. Осындай кішкентай нәрселерден үлкен бір мәдениет, заңға бағыну, тәртіпке бағыну қалыптасады. ҚР Конституциясы – тәуелсіздігіміздің берік негізі, мемлекетіміздің басты заңы. Осы Конституцияны насихаттау мақсатында бүгінгі шара осындай форматта ұйымдастырылды.