Үкімет Ақмола облысындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға қайтарылған активтер есебінен 1,4 млрд теңге бөлді. Қаражат Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Қатаркөл маңындағы балаларды сауықтыру орталықтарының су құбыры жөнделіп, Щучинсктегі магистральдық желілер мен кәріз жүйесі реконструкцияланады.
Арай Садықов, Бурабай ауданының әкімі:
- 2023-2026 жылдары 10 елді мекенде сумен жабдықтау жобалары жүзеге асырылды. Нәтижесінде 5000-нан астам абонент сапалы ауызсумен қамтылды. Бүгінде Щучинк ауданы мен Қатаркөл ауылында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға бағытталған 4 жоба іске асырылуда.