Құрылтай сайлауы: өз учаскеңізді қалай табуға болады?

  • 9
  • 07.08.2026, 19:38

Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін ел азаматтары алдын ала өз учаскесін біле алады. Бұл мақсатта GOV.KZ платформасында онлайн-сервис іске қосылды. Ыңғайлы болу үшін бірден үшеуі әзірленген.

Көрсетілген гиперсілтемелердің кез келгеніне өту арқылы дауыс беруші өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізсе, сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады. Сонымен қатар онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді. Сервистерді QR-кодтарды сканерлеу арқылы да пайдалануға болады.