ОСК Төрағасы Түркістан мен Кентаудағы сайлау учаскелерін аралады

  • 5
  • 07.08.2026, 19:39

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Түркістан мен Кентау қалаларындағы сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты. Материалдық-техникалық базасын, дауыс беру кабиналарының жай-күйін тексерді. Учаскелік комиссия мүшелерімен әңгімелесіп, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, бюллетеньдерді қабылдауға дайындық және халықпен кері байланыс орнату жұмыстарын пысықтады.

Сайлау күні келушілерге, әсіресе қарттар мен ерекше қажеттілігі бар жандарға барынша қолайлы жағдай жасалуы керегін ескертті. Облыс орталығында мемлекеттік органдар және аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерімен арнайы кеңес өтті. Нұрлан Мәжитұлы әрбір аумақтық комиссия басшысына сайлаушылардың конституциялық құқығын толық жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды уақытында қабылдауды тапсырды. 

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау жүйесі мүлдем өзгерді. Қазір Құрылтай тек партиялық тізімдермен құрылатын болып жатыр. Бұл сайлаудың негізгі ұйымдастырушылық сұрақтарының бәрі шешілді. Кешелі бері Түркістан облысында учаскелердің дайындығын қарадым. Толыққанды, қажетті құрылымдармен бәрі қамтылған.