Шымкентте «Әділет» партиясының бастауыш ұйымдарының форумы өтті

  • 5
  • 07.08.2026, 19:41

Оған еліміздің барлық аймақтарынан екі мыңнан астам партия өкілі қатысты. Басқосуда  цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту, білім, денсаулық сақтау, еңбекпен қамту, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен бірге еңбекпен қамту және мамандарды даярлау туралы сөз болды.

Бастауыш ұйым өкілдері азаматтармен байланыс орнату және мәселелерді жер-жерде шешу туралы ұсыныстарымен бөлісті. Құрылтай депутаттығына кандидаттар өздерінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Партия өкілдері сайлау науқаны барысында жүздеген мың адамның қатысуымен 21 мыңнан астам іс-шара өткізеді. 

Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:

- Біз сайлауға популистік ұрандармен емес, нақты есептелген, орындалуы толық мүмкін бастамалармен келдік. Бағдарлама бүкіл Қазақстанның дамуына арналған. Әр ұсыныс ғылыми зерттеулерге, сараптамаларға, ұзақ мерзімді болжамдарға сүйене отырып әзірленген. Соның бір мысалы, «Өңірлер мықты болса, ел мықты» атты басымдық. Бұл бағыт еліміздің барлық тұрғынын қамтитын болады. Оны жүзеге асыруда бастауыш ұйымдардың орны ерекше болмақ. Өйткені жергілікті жердің ерекшелігін сіздерден артық ешкім білмейді. Біздің мақсатымыз – облыс орталығы ғана емес, шекаралық аудандар, ауылдарды да қатар дымыту.