СҚО-да ішімдіксіз ауылдар қатары артып келеді

  • 3
  • 17.09.2026, 18:50

Солтүстік Қазақстан облысында ішімдіксіз ауылдар қатары артып келеді. Уәлиханов ауданындағы Көктерек, Амангелді және Қаратерек елді мекендерінің тұрғындары алкоголь өнімдерінен толықтай бас тартты. Үш ауылда 300-ге жуық адам тұрады. Енді жергілікті дүкендерде алкогольдік сусындар сатылмайды.

Тұрғындардың айтуынша, бұл бастама ауылдағы қоғамдық тұрақтылықты сақтап, құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Жаңа бастаманы полиция мен прокуратура қызметкерлері де қолдап, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Әлия Мұхаметалина, СҚО прокурорының аға көмекшісі:

- Облыс бойынша 51 ауыл алкоголь өнімдерін тұтынудан және оларды сатудан бас тартты. Бұл ауылдарда жалпы саны 6 мыңнан астам халық тұрады. Нәтижесінде бүгінге дейін ол елді мекендерде қылмыстық құқықбұзушылық тіркелмеген.